Фото: Тикетон
М. Әуезов атындағы академиялық драма театрын қайта жаңғырту жұмыстарының тоқтатылғаны немесе баяу жүріп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Ult.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, нысандағы қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде. Осыдан кейін белгіленген тәртіпке сай жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінетін болады.
Министрлік өкілдері театрдағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Қайта жаңғырту барысында театрдың тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптар қатаң сақталады.
М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, нысан көрерменге жаңартылған күйде ұсынылады деп жоспарланып отыр.
