Фото: ашық дереккөз
26 желтоқсанда Lufthansa Мюнхен – Пекин бағыты бойынша ұшақ Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған себеп: борттағы жолаушының денсаулығы нашарлап, ер адам есінен танып қалған.
Әуежайдағы полиция қылмыстық іс қозғады. Ақпарат бойынша, шетел азаматы жүрегі ауырып қайтыс болған.
