Бүгін Астанада Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алған қарақшы қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
Тұтқынға алынған ломбард қызметкерлері дін аман. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарақшы 2 тұтқынның біреуін босатқан еді. Құзырлы орган қызметкерлері онымен келіссөздер жүргізіп, екінші тұтқынды да босатып алды.