Фото: ашық дереккөз
Англияның Ливерпуль қаласында алғаш рет өткен 2025 жылғы Әлемдік бокс чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Құрама спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Чемпион атанған боксшылар:
-
Санжар Ташкенбай (50 кг) – финалда мықты қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
-
Махмұд Сабырхан (55 кг) – испандық Рафаэль Лозаноны айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді.
-
Аида Әбікеева (65 кг) – әйелдер арасындағы бәсекеде өзбек боксшысы Навбахор Хамидованы жеңіп, чемпион атанды.
Алуа Балқыбекова (51 кг) – шешуші жекпе-жекте Балкибекова түрік спортшысы Бусиназ Чакироглуды 5:0 есебімен жеңді.
-
Айбек Оралбай (90+ кг) – аса ауыр салмақта өзбекстандық Жахонгир Зокировты тізе бүктірді.
Төрехан Сабырхан (70 кг) – қазақстандық боксшы финалда жапондық Севон Окадзаваны жеңді. Үш төреші жеңісті біздің спортшыға берсе, екеуі Окадзаваны қолдады.
Наталья Богданова (70) – спортшы қыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Күміс жүлдегерлер:
-
Назым Қызайбай (48 кг) – ақтық бәсекеде үндістандық Минакши Минакшиге есе жіберді.
Қола жүлде иегерлері:
- Елдана Талипова
- Виктория Графеева
Президент бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.
— Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын, — деп жазды Президент Instagram парақшасында.
