17 там, 2016 сағат 19:16

Левитпен жұдырықтасқан Евгений Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

"Рио Олимпиадасында алтын алған ресейлік боксшы Евгений Тищенко РФ Президенті Владимир Путиннің күзетшісі болып шықты", - деп жазды "Московский комсомолец". Ол биыл мамыр айында федералды күзет қызметіне (ФКҚ) жұмысқа тұрған.  

- Евгений Тищенко расында да біздің адам, Ресей ФҚК спорт клубының атынан шықты, - деп мәлімдеді федералды күзет қызметінің баспасөз және қоғаммен байланыс орталығы. - Бірақ ол бізге мықты дайындықпен келді, оның спортшы ретінде дамуымен ІІМ айналысты. Ол Санкт-Петербург полиция бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген (қосымша ЖОО-да білім алған). Содан кейін 25 жасында әскер қатарына шақырылып, бізге келді. Ол өзінің қайда борыш өтеп жүргенін толық сезінбеген секілді. Сол үшін Бразилиядағы алғашқы сұхбатында өзін полицей деп таныстырды. Олимпиададан кейін ол қайтадан әскер сапына яғни, федералды күзет қызметіне оралады. Ал әскери қызметі аяқталған соң қайда жұмысқа тұратынын өзі шешеді.

ФКҚ спортшының өмірбаянын айтып берді. Болашақ Олимпиада чемпионы бесінші сыныпта бокспен айналыса бастаған, мектеп үйірмесіне қатысқан. Ең үлкен жетістігі - Оңтүстік федералды округінің біріншілігіндегі жүлдеді орын болған.

Әзірге, Олимпиаданың алтын медалі - оның алғашқы Олимпиада жүлдесі. Бірақ, бүгінге дейін Евгений 2015 жылы бокс бойынша Әлем және Еуропа чемпионы атанған. 2014 жылы - Ресей чемпионы, 2013 жылы - әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

  Айта кетейік, ақтық сайыста Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3:0 есебімен жеңді. Төрешілердің бұл шешімі қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды. 

ҚазАқпарат