IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Zanfer Boxing-қа GGG-дің WBA Super нұсқасы бойынша осы санаттағы титул иесі Риота Муратамен алдағы жекпе-жегі, сондай-ақ қазақстандық боксшының болашағы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Головкин мен Муратаның IBF, IBO және WBA Super титулдары үшін жекпе-жегі Сайтамада (Жапония) 29 желтоқсанда өтеді. Леффлер GGG жеңіске жетсе, дивизион титулдары үшін күреске қайта кірісетініне үмітті.
«Головкин мен Мурата жұдырықтасуы – бұл тамаша. Геннадий бүкіл әлемде жұдырықтасқан, айқасын Жапонияда да өткізуді армандаған. Мохаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мэйвезер және бокс тарихындағы өзге де есімдер бұл елде жекпе-жектер өткізді. Геннадий осыны тағатсыздана күтуде. Ал Муратамен жекпе-жек тамаша оқиға болмақ.
- Бұл оның мансабындағы маңызды айқастардың бірі ме?
- «Иә, әрине. Біз «Канеломен» жекпе-жектерде әлі де Геннадий жеңді деп санаймыз, бірақ екінші жекпе-жекте титулдан айырылған соң ол IBF белдігін қайтарып алды, енді WBA титулы үшін күреседі. Тағы бір күні ол WBC титулына да таласатындығына үміттенемін.
Еске сала кетсек, WBC нұсқасы бойынша орта дивизиондағы әлем чемпионы титулы қазіргі кезде американдық боксшы Джермалл Чарлоның иелігінде.