22 жел, 2025 сағат 17:47

Қызылордалықтар күткен сұраққа әкім жауап берді: Алматы мен Астанаға тікелей пойыз бола ма?


Фото: rail-news.kz
Қызылорда облысы тұрғындары үшін елорда және ірі мегаполистермен көлік қатынасының қолжетімділігі – өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда аймақ халқы Астана мен Алматы қалаларына қатынауда негізінен әуе және автобустық тасымалдарға сүйенеді. Бұл уақыт пен қосымша қаржылық шығындар мен қолайсыздықтар туындатады. Осыған байланысты Қызылорда қаласынан Астанаға тікелей жолаушылар пойызын іске қосу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Осы сұрақты Ult.kz тілшісі Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа қойды.

"Біз бұл ұсыныс бойынша алдағы уақытта министрлікпен жұмыс істеп көреміз. Бізден қатынайтын бірнеше пойыз бар ғой, Семейге, Көкшетауға. Олар Астана арқылы жүріп жатыр ғой. Ал тікелей қатынауға қатысты қажеттілік болса, алдағы уақытта министрлікпен жұмыс істеп көрейік", - деп жауап берді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.