27 қаң, 2024 сағат 11:36

Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейді қағып кетті

Фото: Astana.tv

Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкері Volkswagen Touareg маркалы көлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқан. Алайда ол заңға бағынбай қала шетіндегі Қарауыл төбе ауылына қашып, күріш алқабына кірген. Сол кезде қосымша көмекке келген полиция нарядының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып бөгемек болған. Оны да елемеген жүргізуші полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп уақыт өтпей 32 жастағы күдікті қолға түсті.

"Орта дәрежелі масаң күйде екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып тұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді өңірдің ПД бастығының орынбасары.


видео: Astana.tv