Қызылорда облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұсталды, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер сауалға берген жауабында растады.
Облыстық ҰҚК департаменті қызметкерлерінің, сондай-ақ, Байқоңыр қаласының қызметкері ұсталғаны хабарланды. Олардың екеуі қамауға алынды. ҰҚК өкілдері ұсталғандарға қатысты "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Осы дерек бойынша басқа мәліметтер тергеу құпиясы болып саналады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, ол мәліметті жариялауға болмайды", - делінген сауалға жіберген жауабында.