Белгілі тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген қазақ жұрты "қыз - жат-жұрттық" деген ойдан жиренуіміз керек деп есептейді. Ол бұл ойын өзінің Instagram парақшасында жазды.
Тележүргізуші "қыз баланы жат-жұрттық деп бөлу - фашизм" деп бікір білдірген.
«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын. «Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік алғышарты», - деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Желідегі оқырман Дина Төлепбергенді қолдаса, ендігі бірі қарсы пікір жазып қалдырған.
Сондай-ақ Дина Төлепберген қыздарды кеш тұрмысқа шығуын қолдайтынын айтқан.