31 там, 2016 сағат 08:21

Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінде жарылысты жанкешті жасаған (Видео)

Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінде жарылысты жанкешті жасаған. Бұл туралы тілшілерге Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Жениш Разаков хабарлады, - деп жазады "Вечерний Бишкек".

Оның айтуынша, Mitsubishi Delica маркалы көлік дипломатиялық ведомствоның қақпасын соғып, кіріп, жарылған. Салдарынан лаңкес қаза тапты, ал елшіліктің үш қызметкері жарақат алып, ауруханада жатыр. Жарақат алғандар Қырғызстанның азаматтары. Әзірше Қытай елшісінің жарылыс кезінде қайда болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Ал 24.kg басылымының мәліметінше, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм дерегі бойынша қылмыстық із қозғапты. 

 

kaz.tengrinews.kz