21 қар, 2021 сағат 13:30

Қытайдағы қазақ боксшысы UFC-де жеңіске жетті - видео


"Росомаха" лақап атымен танымал Қытайдағы қазақ боксшысы Сайран Нұрданбек UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 198 турнирінде америкалық Шон Сорианомен (14-7) кездескен болатын. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Нұрданбектің жеңісімен аяқталды.

Бастапқыда Сайран Нұрданбек бұл жекпе-жекте "андердог" саналған еді.

Осылайша, ол MMA-дегі кәсіби мансабында жиырмасыншы жеңісіне жетіп отыр, ал Шон Сориано осымен сегізінші рет жеңілді.

Айта кетейік, бұл - қандасымыздың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Нұрданбек промоуншда бірінші рет мамырда өнер көрсеткен, алайда төрешілердің бірауыз шешімімен аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңіліп қалды.