15 шіл, 2019 сағат 11:10

Қытайда қазақстандық студент көз жұмды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Чанчжоу қаласында қазақстандық студенттің көз жұмғанын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқиғаның болғанын растаймын. Толыққанды ақпарат ертең өтетін брифингте айтылады. Әзірге қыздың расымен Қытайда көз жұмғаны белгілі», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.

БАҚ-тан белгілі болғандай, 20 жастағы Сандира Серікханова Jiangsu University of Technology атты білім ордасында 3 курста оқыған.