Қытайдың Хэнань провинциасында үңгірлердің бірінен археологтар ең көне қылышты тапты, оның жасы шамамен 2300 жыл, - деп хабарлайды Новости Планеты порталы Халықаралық Қытай радиосына (CRI) сілтеме жасап.
Қару ежелгі Синьян қаласындағы моладан табылған. Қылыштың жер астында көп жылдар бойы жатқанына қарамастан ол өте жақсы сақталған.
Мамандардың айтуынша, біздің заманымызға дейінгі 475 жылы Патшалар соғысы кезінде жасалған.