Фото: Синьхуа
Қытай сейсенбі күні «Чанчжэн-6B» (Long March-6С) модификациялы зымыран тасығышын алғаш рет ұшырды деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" NEGE порталына сілтеме жэасап.
Ол ғарышқа төрт жер серігін алып шықты. Бұл туралы WeChat әлеуметтік желісінде Қытай аэроғарыштық ғылыми-техникалық корпорациясының (CASC) парақшасында айтылды.
Зымыран тасығыш сейсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 11:21-де Қытай солтүстігінің Шаньси провинциясындағы Тайюань спутниктік ұшыру орталығынан Neptune-01 және Smart-1C жерсеріктерін, сондай-ақ кең жолақты оптикалық жерсерікті және жоғары ажыратымдылықтағы бейнеспутникті жоспарланған орбитаға алып шықты.
Екі сатылы зымыран тасығыштың диаметрі 3,35 метр, оны сұйық оттегі мен керосинмен жұмыс істейтін үш қозғалтқыш басқарады.
Жалпы ұшып көтерілу салмағы 215 тонна болатын зымыран 500 шақырым биіктіктегі геостационарлық өтпелі орбитасына жалпы салмағы шамамен 2,4 тонна ғарыш аппаратын шығаруға қабілетті.
Жаңа зымыранның зерттеулері мен әзірленулері 2020 жылдың басында басталды. Бұл модель негізінен шағын және орта спутниктерді орбитаға апаратын коммерциялық ғарыш кәсіпорындарында қолданылады.
Бүгінде елде Long March сериялы зымырандардың 20-дан астам түрі жасалып, ұшырылды.
Long March зымырандары – Қытай ғарыштық бағдарламаларының негізі. Бұл Long March тасымалдаушысының 520-шы ұшыруы.