Қытай қазақтарының тұрмыс-тіршілігі туралы шағын телесериал «Менің Алтайым» 7 мамырдан бастап Қытай Орталық Телевизиясы CCTV-1 телеарнасында көрсетіле бастайды.
Тянь-Шань порталының хабарлауынша, 8 сериядан тұратын туынды шыңжаңдық жазушы Ли Жюуанның «Менің Алтайым» шығармасынан алынған. Басты рөлдерде қытайлық танымал актер Ма Йили және Чжоу Иран, шыңжаңдық қандасымыз Алма және Қайрат ойнайды.
«Менің Алтайым» шығармасы 2010 жылы жарық көрген. Онда жазушы Ли Жюуанның анасымен бірге Алтай аймағының қазақ ауылындағы бастан кешкен оқиғалары, көркем табиғат пен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі.
Айта кетейік, «Менің Алтайым» телесериалы 2024 жылғы Канн кинофестивалі Ұзақ драмалық сериалдардың байқау бөліміне ұсынылып, әлемдік премьерасы өткен.