11 маусымда Сингапурдегі UFC 275-те Мақсат Қайсар (ММА-да - 6-1, қытайша есімі - Махешат Хайсар), америкалық Стив Гарсияға қарсы жекпе-жекке (ММА-да 12-4, UFC-де 1-1) шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетері, ол өнер көрсететін жеңіл салмақта Дамир Исмағұлов та бақ сынайды. 23 жастағы Қайсар былтыр қыркүйек айында "Дана Уайттың үміткерлер шоуында" (DWCS) жеңіске жеткеннен кейін келісімшартқа қол қойды. Ал сол жекпе-жекте ол аутсайдер болып саналды. АҚШ-та 5-тен жоғары коэффициент берілді.
Қайсар - DWCS шоуының Қытайдан келген алғашқы жеңімпазы. Дана Уайт жаңадан шыққан есімге тәнті болып: "Ол жас, оған жұмыс істеу керек, бірақ оның болашағы зор. Ол - ерекше", - деді.
DWCS жекпе-жегінен кейінгі сұхбатты Қайсар қазақ тілінде аяқтады.