11 нау, 2022 сағат 13:39

Қысқы Паралимпиада: Александр Герлиц тағы бір бәсекеде 5-орын алды


Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен 12,5 шақырымға түрегеп жарысудан жекелей сында мәре сызығын бесінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сайыста алтын медаль франциялық Бенжамен Давьеге бұйырса, одан кейінгі орындарды канадалық Марк Арендц пен украиналық Григорий Вовчинский өзара бөлісті. 

Еске салсақ, бүгін қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды. 

Одан кейін спринтте 5-орын алды. 

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

Бүгінгі күнге дейін 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алған еді. 

Ал 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.