Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан спортшылары 5 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының керлинг және шайбалы хоккей спортынан сынға түседі, деп хабарлайды Inform.kz ХАА.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:
Керлинг (аралас жұп)
5 ақпан, 7:00. Қазақстан – Корея
5 ақпан, 15:00. Қазақстан – Қатар
Амина Сейтжанова және Азизбек Надирбаев
Шайбалы хоккей
5 ақпан, 17:00. Қазақстан – Қытай (Ерлер)
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.