Сурет: dzen.ru
Пәкістан премьер-министрінің орынбасары мен сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Құлубаевпен Астанада кездеседі. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 19 мамырда СІМ-де сыртқы істер министрінің орынбасары Авазбек Атаханов Пәкістан Ислам Республикасының Қырғызстандағы елшісі Хасан Әли Зайгаммен кездескен.
Хасан Әли Зайгам 18 мамырда Бішкекте шетелдік студенттердің, оның ішінде Пәкістан азаматтары қатысқан оқиға туралы ақпарат алуға көмектескені үшін қырғыз тарапына ризашылығын білдірді.
Авазбек Атаханов бұл оқиға шешілгенін және жағдай Қырғызстанның құқық қорғау органдарының толық бақылауында екенін, барлық қатысушы тұлғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Тараптар 21 мамырда Астанада өтетін ШЫҰ СІМК шеңберінде ҚР СІМ басшысы Жээнбек Құлубаев пен премьер-министрдің орынбасары, Пәкістан сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дрдың кездесуін ұйымдастыруға келіскен.
Еске салайық, Бішкекте 13 мамырда жергілікті тұрғындардың шетелдіктермен төбелесі салдарынан мыңға жуық адам көшеге шықты.