04 қаз, 2021 сағат 10:53

Қырғызстанда «Орталық Азияның алтын кітабы» әлемнің 30 тілінде жарыққа шықты


Қырғызстанда «Орталық Азияның алтын кітабы» жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Янги овоз»(жаңа дауыс) Орталық Азия жазушы және тарихшылары одағының төрағасы Жолдошбек Монолдоров Шығыстың 7 жұлдызының бірі, күллі түркіге ортақ ақын Әлішер Науаидің 580 жылдығына арнап дайындаған «Золотая книга Центральной Азии» атты кітап Бішкек қаласынан әлемнің 30 тілінде жарық көрді.

Кітаптың жарыққа шығуына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одағы, Мюнхендегі Дүниежүзі Жазушылар одағы, Будапешттегіт Халықаралық орыстілді Жазушылар федерациясы қолдау көрсеткен.

Жоба жетекшісі – Жолдошбек Монолдоров, жоба директоры – Гүлмира Абыкеева.

Қырғыз ақындары шығармашылығы жөніндегі әдеби редактор- Кучубек Качибеков, қазақ ақындары шығармашылығы жөніндегі әдеби редактор – Ержан Алаштуған, орыс ақындары жөніндегі әдеби редактор – Жамиля Акылбекова.

Аталмыш туындыға Қазақстан тарапынан Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Серік Ақсұңқарұлы, Мейірхан Ақдәулетұлы, Шаһизада Әбдікәрімов, Есенғали Раушанов, Сабыр Адай, Светқали Нұржан, Гүлнар Салықбай,Ахмет Өмірзақ, Бауыржан Бабажанұлы, Маралтай, Гүлімай Қуанышева, Бақытжан Алдияр, Ақберен Елгезек сынды 56 ақынның өлеңдері енген.