Қырғызстанда құмалақшылар, көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға ресми түрде тыйым салынды. Республика президенті Садыр Жапаров заңнамаға тиісті өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл заңның мақсаты – өз пайдасын көру үшін белгілі бір міндеттерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқырлы әрі басқа да жалған тәсілдермен қызмет көрсету саласындағы азаматтардың халық санасын манипуляциялауын болдырмау.
Бұған дейін түзетулерді парламент мақұлдаған болатын. Олар жасырын мистикалық қызметтерді және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.