03 мам, 2024 сағат 13:06

Қырғыз билігі өз азаматтарын Ресейге бармауға шақырды


Қырғызстан СІМ қандай да бір орынды мәселе болмаса, өз азаматтарын Ресейге бармауға шақырды. Бұған дейін көп қырғызстандықты Ресей Федерациясының аумағына кіргізбей жатқаны туралы ақпарат болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қырғызстан СІМ-нің ресми хабарламасына сәйкес, 2 мамырдағы жағдай бойынша республиканың дипломатиялық өкілдігі мен консулдықтарынан Қырғызстан азаматтарын Ресейге кіргізбей жатқанына қатысты шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, министрлік қырғызстандықтарға Ресей Федерациясына әзірше бармай тұруға кеңес береді. 

"Министрлік Ресей Федерациясына баруға дәлелді негіздер болмаса азаматтарға бұрын енгізілген қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекеттік шекара арқылы өткізуді күшейтілген бақылау режимі алынғанға дейін ел аумағына уақытша барудан бас тартуды тағы да ұсынады", — делінген ҚР СІМ хабарламасында.


Ресейге баруы тиіс Қырғызстан азаматтарына Ресей Федерациясына кіруге қандай да бір шектеулер бар-жоғын алдын-ала тексеруге кеңес берілді.