Фото: AS project / Shutterstock / Fotodom
Мысырда Ашраф Абу Хакам есімді күйеу жігіт үйлену тойы кезінде көз жұмды, деп жазады Gulf News. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Ер адам қалыңдығымен би билеп жүрген сәтте кенеттен есінен танып, құлап түскен. Қонақтар дереу көмек көрсетуге ұмтылғанымен, оны тірілтіп ала алмады.
Оқиға орнына келген дәрігерлер күйеу жігіттің жүрегі тоқтап қалғанын анықтады. Оқиғаның өзге мән-жайы хабарланбады.
Бұған дейін Босния және Герцеговинада 26 жастағы қыздың үйлену тойынан бірнеше күн өткен соң көз жұмғаны туралы хабарланған еді. Ол некелесу күні комаға түсіп, есін жимаған күйі қайтыс болған.
