14 мау, 2024 сағат 15:57

Құрылыс қарқын алды: Жамбыл облысына жаңа химиялық кешен салуға 900 тонна металл әкелінді



Жамбыл облысында «ЕуроХим» компаниясының химиялық кешенінің құрылысы қарқын алды. 

Жақында Жаңатасқа 37 ауыр жүк тралы 900 тоннадан астам болат пластиналар мен металл конструкциялар әкелді. Олардан күкірт қышқылын сақтауға арналған резервуарлар жасалады.

Күкірт қышқылын өндіру – әлемдік минералды тыңайтқыштар нарығы көшбасшыларының бірі «ЕуроХим» компаниясының үш кезеңнен тұратын ауқымды жобасының екіншісі. Бірінші кезең аясында инвестор жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешенін салып, пайдалануға берді.


Қазір компания жылдам қарқынмен жаңа өндірістің нөлдік циклінің жабдықтарын тұрғызып, орнатып жатыр. Құрылысшылар мен инженерлер күн суықта аймақта жиі дауыл болатынын ескеріп, жаз мезгілін тиімді пайдалануға тырысып жатыр.

«Күкірт қышқылы зауытының өнімдері «ЕуроХим» қажеттілігіне ғана арналмаған. 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» уран бағасының өсуіне қарамастан, уран өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. Бұған күкірт қышқылының жетіспеушілігі себеп – шикізат өндіруде ұлттық компания қолданатын негізгі реагент тапшы», – дейді саясаттанушы және «Кемер Арна» ҚҚ директоры Замир Қаражанов.


Күзде алаңда күкірт қышқылын сақтауға арналған төрт резервуар орнатылады. Оны «ЕуроХим» қос байланыс және қос сіңіру әдісімен жергілікті қазақстандық күкірттен жасауды жоспарлап отыр. Бұл әлемнің түрлі өнеркәсіптік алаңында ондаған жыл бойы сыналған дәстүрлі технология.

Бұл ретте, компания өндірісті барынша цифрландыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде «ЕуроХим» өзінің барлық жобасында озық технологияларды енгізіп жатыр. Жаңатастағы химиялық кешенді жасанды интеллект негізінде басқару жүйесімен жабдықтау жоспарланған. Осылайша, болашақ зауыттың қызметкерлері күнделікті өндірістік операцияларды машинаға ауыстыра алады, бұл өмірге қауіп төндіретін аумақтарда еңбек қауіпсіздігін едәуір арттырады.

Компания табиғат қорғау саласына да ерекше назар аударылатынын атады. Мұнда қолданылатын күкірт қышқылын өндіру және газды кәдеге жарату технологиясы адамға және қоршаған ортаға зиян тигізбейді.

Стратегиялық шикізат болып табылатын күкірт қышқылымен қатар, «ЕуроХим» жобаның үшінші кезеңі – минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша химиялық кешен салуды жүзеге асырады. Бұл учаскеде жұмыс белсенді жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында «ЕуроХим» CNCEC жетекші инжинирингтік компаниясымен химиялық кешен салуға, жобалауға және пайдалануға беруге келісімшартқа қол қойды. Жыл сайын жаңа кәсіпорын миллион тоннадан астам минералды тыңайтқыш пен ілеспе өнеркәсіптік өнім өндіреді. 

«Елімізде химия саласы нашар дамыған. Бізде минералды тыңайтқыштардың екі ірі өндірісі ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, нарықта жергілікті өнімнің тапшылығы сезіледі. Біздің фермерлер тұтынатын тыңайтқыштардың дені Ресей мен Өзбекстаннан әкелінеді. Бұл үрдіс жергілікті тыңайтқыштар құнының 60% мемлекет субсидияласа да жалғасып келеді. Сондықтан менің ойымша, «ЕуроХимнің» жаңа зауыты Қазақстанның химия индустриясына да, агроөнеркәсіп кешеніне де пайдасын тигізеді», – дейді «Агромарт» минералды тыңайтқыштарды сататын қазақстандық ірі компаниялардың бірінің жетекшісі Арман Байбеков.


Сарапшылардың пайымдауынша, «ЕуроХим» кәсіпорны ел экономикасына да септігін тигізеді.

«Біз үшін «ЕуроХим», ең әуелі Қазақстанды индустрияландырудың бірыңғай картасы аясында күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорын салатын ірі инвестор ретінде қызықты. Компания жобаға бір миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды. Бұл көп пе, әлде аз ба? Салыстыру үшін 2023 жылы Қазақстан шамамен 27 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартты. Көріп отырғанымыздай, «ЕуроХимнің» үлесі жалпы қорда айтарлықтай мөлшерде», – дейді Қаражанов.


Алдын ала бағалау бойынша, инвестор кәсіпорны жыл сайын елдің ЖІӨ-нен кемінде екі миллиард доллар табыс таба алады. Бұл ретте, Жамбыл облысы кәсіпорыннан жылына 30 млрд теңге салық түседі.