«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында қос команда жеңіске жету мүмкіндігін іздеді. Бір-бірінің қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды.
Нәтижесінде 32-минутта Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін екінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Командалар бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты.
Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті.
«Барыс» енді елордада 3 қарашада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.