28 қаз, 2021 сағат 19:20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді


Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қазақстандық команда сенімді ойын көрсетті. Шабуыл шебінде көбірек қимылдап, гол соғу мүмкіндігін іздеді. 

Алғашқы кезеңде Дмитрий Гурков 11-минутта «Барысты» алға шығарды. Одан кейін 29-минутта Якоб Бертлунд есепті үстемелей түсті. Ал 32-минутта Даррен Диц мергендік танытты. Осылайша алғашқы екі кезеңде елордалық хоккейшілер қарсыласын үш гол айырмасымен жеңіп тұрды. 

Үшінші кезеңде «Адмирал» сапынан Джош Кестнер 41-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Келесі кезекте елордалық Дінмұхамед Қайыржан 55-минутта басымдықты арттыра түсті. 

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. 

Енді «Барыс» 30 қазанда Ресейде «Амур» (Благовещенск) командасымен кездеседі.