Танымал психолог Құралай Ошақбаева жолдасымен бірге Үндістанға барып, некесін жаңғыртты, деп хабарлайды Ult.kz.
Айтуынша, неке жаңғырту Шри-Ланка дәстүрінде бар және жұп осы дәстүрді қолданып көруге бел буған.
"Шри-ланка дәстүрінде бар неке жаңғыртуды біз де жасадық. "Үнді махаббаты" болып, 25 жұп некемізді жаңғырттық. Отбасылық достарымызбен жылдағы дәстүріміз әдемі жалғасты. Өз өмірімізден кино жасаймыз деп, сөзге қалдық. Бұрыш-бұрышта тығылып, әр нәрсені бүлдіріп, арақ ішіп, неше түрліні көрсетіп жүргендер бар емес пе?! Оның қасында бала кезден көріп өскен үнді фильмдерін өз көзімізбен көріп, бөтен емес, өз байымызбен, өзіміз үшін естелік етіп контент жасап жатқан жоқпыз ба?!", – деп жазды психолог.
Алайда психологтың бұл әрекетін оқырмандары аяусыз сынап тастады.