19 сәу, 2025 сағат 13:15

Құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне


© Sputnik / Владислав Воднев


Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.


Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды.


"Жергілікті атқарушы орган заңды бұза отырып, 461 гектар жайылымдық жерді жеке меншікке берген", - деп жазылған хабарламада.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.


Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда, дейді облыстық прокуратурадағылар.