Астананың бірінші перинатальдық орталығында тағы бір жас босанған әйел көз жұмды. Ақпаратты елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Камалжан Нәдіров растады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Бірінші перинатальдық орталықта соңғы күндері үш адам көз жұмды. Үшінші трагедия екінші маусым күні сағат 18.25-те болды", — деп хабарлады ол.
№1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіровтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктілік кезеңінде қан кетуі салдарынан қайтыс болған.
"Әйел бізге түскенде қан кетіп жатты. Кесарь тілігі арқылы босандырды. Бала аман, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жүкті әйелдің өзінің денсаулығында проблема болған. 19 жастан жаман әдетке әуестенген. Күніне 25-30 темекі шеккен", — деді №1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары.
Бұған дейін Астананың№ 1 перинаталды орталығында жаңа босанған екі ана көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның бірі 21 маусымда, екіншісі 25 маусымда болған. Әйелдердің балалары тірі, алайда жан сақтау бөліміне түсті.