13 ақп, 2024 сағат 18:30

Құмар ойындарға әуес болған алаяқ-бухгалтер 5 жылға сотталды


Фото: Астана қаласының прокуратурасы


Құмар ойындарға әуес болған алаяқ-бухгалтер казинода шамамен 400 млн. теңгеге ұтылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі  жазды.  


Құмар ойындарға жеңіл жолмен ақша салу мақсатындат алаяқтық жолға түскен  Астана тұрғыны Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Шаһардағы ЖШС-лардың бірінде бухгалтерлік қызмет атқарған кінәлі әйел мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.


«Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді» - делінген хабарламада. 


Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс бейімділікке бармауды ескертеді.