Ұлттық арна "Күлтөбе" бағдарламасының 2005 жылы телеэкранға жол тарқан құнды кадрларының бірін көпшілік назарына ұсынды.
"Рухани талғам" тақырыбындағы түсірілген бағдарламаға жазушы Жұмабай Шаштайұлы, журналист Қасым Аманжолұлы, жазушы Смағұл Елубай, философ Ғарифолла Есім, жазушы Айгүл Кемелбаева, ақын Әмірхан Балқыбек қатысқан. Жүргізуші - Рахат Мамырбек.
Көпшілік талқы "Қазақ халқының бүгінгі талғамы қандай? деген сұрақтан басталып, "Талғам неден туындайды, оның негізгі принципі қандай?" деген сауалдармен жалғасады.
Айта кетсек, бұған дейін "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай "Алтын қорда" сақталған хабарларды көрсетуді қолға алғанын хабарлаған болатын.