Көпшілік арасында Territima лақап атымен танылған блогер Темірхан Асылбектің телефон қуаттағышы жарылып, үйі өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Блогер желіге қуаттағышының өртеніп жатқан видеосын жариялады. Темірханның айтуынша, ол бұған дейін телефон қуаттағышының өртеніп жатқан видеосын бірнеше рет көрген. Алайда ондай дүниелерге қатты сенбеген көрінеді.
Айнаның алдында тұрған қуаттағыш жөргектерге тиіп, жарылған. Блогер шелекпен су таысп жүрып, өртті сөндірді.
"Алла сақтаған жоқ. Үйде болғанымыз мұндай жақсы болар ма еді?! Қуаттағышымды тоққа қосып едім өртеніп кетті. Қуаттағыштардың өртеніп жатқан видеосын талай көрдім. Бірақ қатты сенбедім. Қуаттағышым негізі түпнұсқа", – дейді Territima.
Блогер қуаттағыштан тістелген сым шығып тұратынын айтты. Жарылыстың сол себепті болуы мүмкін екенін деп жасырмады. Ол бұл туралы осы саланы білетін мамандардан сұрау керегін айтты.
Қуаттығыштың жарылғанын блогер де, оның әйелі де естіген. Алайда балкондағы заттардың бірі құлады деп ойлған олар бұл дыбысқа аса мән бермеген.
"Алғашында қатты дыбыс естідім. Балконнан бір нәрсе құлады деп ойладым. Біз бұл кезде залда видео түсіріп отырғанбыз. Сөйтсем жарылыстың дыбысы да видеода жазылып қалыпты. Жарылысқа бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Біріншісі, мен powerbank-ті қуаттау үшін тоққа қосып, оны жөргектер салынған пакеттің үстіне қойып кеттім. Сол себепті ол қызып кетуі мүмкін. Екіншіден, қуаттағыштағы тістелген сымнан болуы әбден мүмкін. Үшіншіден, жарылысқа тоқтың күрт күшеюі әсер еткен болу керек. Рowerbank жөргектерге жабысып қалыпты", – дейді блогер.