25 қыр, 2021 сағат 10:08

Қуат Хамитов Ресейдегі кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс тапты


Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов (23-6-2) Сочиде өткен аралас жекпе-жек бойынша AMC Fight Nights турнирінің басты айқасында өнер көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хамитов "Пиранья" лақапатымен танымал 28 жастағы ресейлік файтер Мариф Пираевпен (29-4-1) айқасты.

Жекпе-жек алдында "Найман" еш қиындық көріп тұрмағанын, өйткені бірнеше жылда алғаш рет ұрысқа жарақатсыз келетінін мәлімдеген болатын. 


Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды – 30-27, 29-28, 30-27. 

Осылайша, Мираф Пираев өзінің кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне жетті, бұл – Қуат Хамитовтың ММА-дегі жетінші жеңілісі. Қазақстандық үшін бұл - осы жылдағы үшінші айқасы. 

Бұған дейін Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберген, одан кейін маусым айында украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңген болатын.