28 жел, 2016 сағат 12:47

Қуаныш Сұлтанов: Тінікеевке обал болды, ол менің көз алдымда өскен еді

Мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов Мұхтар Тінекеевтің депутатттық корпустан кеткенінен өкініші білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Өкінішті (Тінікеевтің орнынан кетуі - автор ескертпесі), оның үстіне ол менің көз алдымда өскен еді. Ол - сондай белсенді, саяси білім, саяси салмақ жинақтаған адам. Мен оның шешімі қаншалықты жылдам қабылданғанын білмеймін, бұл шешімді саналы түрде қабылдады деп есептеймін. Бұл - оның мінезіне сай. Ол жаңылды, осындай қателік жасады", - деді депутат Қуаныш Сұлтанов.

"Депутатқа мұндай қылық жат. Біз мұны оған айттық. Ол ненің не екенін жақсы біледі. Мұның сабақ болғанын мойындады. Достық сабағы. Бала кезден бергі достар, бұл олардың арасындағы ара қатынас. Сонымен қатар, бұл жағдай депутаттық корпус үшін де сабақ болды, әрине, депуттаттық корпус азаматтық ұстанымы бар, оң мен солын таныған адамдардан құралған. Ал адамдардың жеке мәдениеті бар", - деді мәжілісмен.

Қуаныш Сұлтанов Тінекеевті бұрынғысынша жақсы жағынан білетінін айтады. Оның сөзінше, Тінікеев БАҚ-пен жақсы қарым-қатынаста болған, оның имиджі де бар еді және ол әрдайым тура айтатын, Парламентте де өте белсенді болған. Сонымен бірге, ол осы қадамы арқылы халық алдындағы абыройын сақтап қалғанын айтады мәжілісмен.

Глеб Щегельскийдің сөзінше, Мұхтар Тінікеев қазір Қарағандыда екенін айтты. "Оның анасы сырқаттанып қалды, ол 90 жаста", - дейді депутат. Ал Тінікеевтің өзінің денсаулығы жайында Щегельский әзірге оған жүргеіне ота жасауға тиым салынғанын айтты.

Еске салайық, таяуда Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видео Желіде жария болған еді. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады. 

Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады.

Кейін Мұхтар Тінікеевтің жүрегі сыр беріп, аурухаға түскен болатын.