Фото: Anatili.kz
Бүгін белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жазушысы Қуандық Түменбай 70 жасқа толды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген қаламгер қазақ әдебиеті мен журналистикасына елеулі еңбек сіңірді. Ол «Жас Алаш», «Жалын», «Жұлдыз», «Жетісу», «Алматы ақшамы», «Ақиқат» және басқа да басылымдарда түрлі жауапты қызмет атқарды. Сонымен қатар, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде, «Қазақстан» баспасында және жоғары оқу орындарында еңбек етті.
Қуандық Түменбайдың отыздан аса прозалық және публицистикалық еңбектері жарық көрген. Оның шығармалары бірнеше әлем тілдеріне аударылып, халықаралық деңгейде танылды. Стокгольмде өткен прозашылар фестивалінде Бас номинант атанған.
Қаламгер бүгінде Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі әрі проза кеңесінің төрағасы. Ол туған өңірі – Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
