06 ақп, 2025 сағат 17:25

Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Фото: Jogargy_sot

Экс-министр колонияда өткен шахмат турнирінде жеңіске жетіп, бұл үшін ынталандыруды талап еткен, деп хабарлайды Ult.kz

«Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігі оған көтермелеу бермейді деген өтінішпен жүгінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Аталған сотталған адамның бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу болмайды», - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Бишімбаев колонияның мәдени өміріне белсене араласып, өзін байқауларда көрсетіп қана қоймай, әңгіме жазады екен.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін былтыр 24 жылға сотталған болатын.