Фото: railways.kz
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Алдыбергенов келді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті таныстырды.
Тағайындалғанға дейін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
