24 қар, 2025 сағат 13:58

Криштиану Роналду 40 жасында аңызға айналған голын қайталады

Фото: видеодан скриншот

Португалиялық форвард Сауд Арабиясы чемпионатында «Аль-Наср» сапында «Аль-Халиджге» қарсы өткен матчтың 96-минутында «қайшы» тәсілімен гол соқты, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл соққы жанкүйерлерге оның 2018 жылы Чемпиондар лигасында «Реал» құрамында «Ювентус» қақпасына соққан әйгілі голын еске салды.

Бұл доп Роналдудың карьерасындағы 954-ші голы болды. Енді оған 1000 голдық межеге жету үшін бар болғаны 46 гол қажет.