ҚР Үкіметі отырысында 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралып жатыр, оның аясында отандық ауылшаруашылық тауарларының экспортын дамытудың жаңа тетіктері қарастырылған.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов отандық ауылшаруашылық тауарларын сыртқы нарыққа жылжыту мақсатында АӨК Сарапшылық кеңесі құрылатынын атап өтті.
Құрылатын орталық ауылшаруашылық өндірушілерінен форвардтық сатып алуларды, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдер үшін экспорттық арналарды қалыптастыруды, «КZ ORGANIC FOOD» және басқа да отандық брендтерді жылжытуды, сыртқы нарықтарды талдауды, өткізу үшін тиімді сыртқы нарықтар үшін жол картасын жасауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, орталық экспорттық тауашаларды іздеумен, сондай-ақ отандық ауылшарашылық өндірушілерінің экспорттық келісім-шарттарын қаржыландырумен және сақтандырумен айналысатын болады.
Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс.