11 шіл, 2017 сағат 11:40

ҚР Президенті өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіруге бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіруге және электр энергетика саласындағы реттеуді жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.