ҚР Президенті істері басқарушысының орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды; Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімдерімен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты: Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаевтің Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен; Алма Сағынғали "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылғаны айтылады.