23 там, 2018 сағат 18:39

ҚР Президенті Архивінің директоры тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбеков Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.

Ж.Ю.Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасарына дейінгі барлық қызмет сатысынан өтті.

Сондай-ақ, М.Б.Қасымбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы атынан Архивтің бұрынғы директоры Борис Әликенұлы Жапаровқа мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс білдіріп, оған ведомстволық марапат - «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.