Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп жазады "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.
Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформация бағдарламасының жол картасын іске асыру жолдары, сонымен қатар, Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін бірқатар компаниялардың акцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.