ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында орталық мемлекеттік органдар басшылары мен аймақ әкімдерінің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есептерін тыңдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Премьер-Министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өңірлерде оң үдерістер бар екенін атап өтті.
Б. Сағынтаев жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,5% деңгейінде жоспарланғаны, бірақ қазір ол 0,8%-ды құрайтынын еске салды.
«Бүгін біз тыңдаған барлық баяндамалар жылды 1%-дық ЖІӨ деңгейінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді», - деді Б. Сағынтаев.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.