ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстанға ресми сапары шеңберінде БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашысы Ф. Ни Аолаинмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау саласындағы мемлекеттің міндеттемелерін жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның осы бағыттағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Тараптар экстремизмнің барлық көріністерінде таралуына ықпал ететін факторлар туралы және осы құбылыстың алдын алу ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету туралы пікір алмасты.
Омбудсмен халықаралық сарапшыны ұлттық құқыққорғау мекемесі қызметінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы, елде жүргізіліп жатқан жан-жақты өзгерістер аясында елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі оның рөлі мен орны туралы хабардар етті.
Ф. Ни Аолаин Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы тетіктерді жетілдіруді, оның ішінде халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы Жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдаудағы қолдауының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Омбудсменнің БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдарымен нақты құқық қорғау бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігі туралы жалпы пікір айтылды.