Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа вице-министр Роман Склярды ұжымға таныстырды. Ол бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиевтің орнына келіп, көлік блогының қызметіне (Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті) бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болады", - делінген Facebook желісіндегі хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Роман Скляр осыған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.