29 мау, 2021 сағат 00:21

ҚПЛ: «Қайсар» Атыраудан ұпай олжалады


Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он сегізінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған турдағы соңғы кездесу Атырау қаласында өткізілді. Жергілікті «Атырау» өз алаңында «Қайсар» командасын қабылдады. Ойын барысында екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі зор болды. Десе де олардың көбісінде діттеген мақсатына жете алған жоқ. 

Ойынның 4-минутында атыраулық командадан Петр Гжельчак мергендік танытса, 74-минутта қызылордалық Думан Нәрзілдаев таразы басын теңестірді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Сондай-ақ, бүгін тағы бір кездесуде «Каспий» мен «Тұран» 0:0, «Тобыл» мен «Қайрат» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, «Ақжайық» «Тараз» командасын 3:0 есебімен жеңді. 

Ал кеше, 27 маусымда тағы үш ойын өткізілді. Өз алаңында «Қызылжар» «Астанадан» 3:2, «Шахтер» «Ақтөбеден» есебімен 1:0, «Ордабасы» «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түсті. 

Енді келесі тур ойындары 2, 3, 4 шілде күндері өткізіледі.