Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турындағы тағы екі кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтаудың «Каспий» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3:0 есебімен сүріндірді. Аталған кездесуде алаң иелері қатарынан Давид Караев 2, 30-минуттарда мергендік танытса, Уаджди Сали 9-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал «Тараз» өз алаңында көш соңында келе жатқан Талдықорғанның «Жетісуына» 2:3 есебімен жол берді. Ойын барысында тараздықтар қатарынан Педро Эуженио 2-минутта есеп ашса, 70-минутта Бауыржан Байтана гол соқты. Ал олардың қатарынан Берік Шайықов 47-минутта өз қақпасына соғылған автогол авторы атанса, Талдықорғанды Артем Дмитриев 32, Айбар Жақсылықов 72-минутта қанжығасын майлады.
Сондай-ақ, бүгін «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.
Ал кеше, Оралдың «Ақжайығы» Түркістанда «Тұранды» 2:0, елордалық «Астана» Қызылордада «Қайсарды» 5:2 есебімен жеңді. Ал Алматыда «Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді.