24 мам, 2021 сағат 21:46

ҚПЛ: «Атырау» алтыншы орынға көтерілді


Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турының тағы екі ойыны аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Аталған турдағы екінші ойын күніндегі бір кездесу Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Тараз» арасында өткізілді. Оңтүстік өлкенің қос командасы арасындағы жекпе-жекте 1:1 есебі тіркелді. Ойын барысында «Тараз» сапынан Елдос Ахметовтің 77-минутында соққан голына 82-минутта шымкенттік Еркебұлан Тұңғышбаев бір доппен жауап қайырды. 

Ал Петропавлда жергілікті «Қызылжар» «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді. Кездесу тағдырын 86-минутта атыраулық Виктор Дмитриенко соққан жалғыз гол шешті. Осылайша атыраулықтар турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. 

Аталған турдағы үш ойын кеше, 23 мамырда өткізілді. Алғашқы ойында «Жетісу» «Қайсардан» 2:0 есебімен басым түссе, «Тұран» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 

Енді бүгін тағы екі кездесу өткізіліп, «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақжайық» (Орал) мен «Каспий» (Ақтау) ойындары болады.